«Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі 2006–2007 оқу жылынан бері еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім береді.
Колледжде ғылым докторы, ғылым кандидаттары, магистрлер, жоғары және бірінші санатты оқытушылар еңбек етеді. Тәжірибелі мамандар оқу процесінде жаңа инновациялық технологияларды қолданады.
Білім алушыларға қолдау көрсететін әлеуметтік бағдарламалар бар, шығармашылық пен бос уақытты тиімді пайдалануға арналған жұмыстар жүргізіледі.
Ұстаздарымыз — мақтанышымыз
- Арнайы пән оқытушысы, өндіріс шебері С.А. Ертаева — «Озаттар» Қазақстан Республикасы білім саласы үздіктерінің энциклопедиясында.
- ТжКБ жүйесінің 80 жылдығына арналған «Білімнің жаққан шырағы» Жамбыл облысы педагогтарының антологиясында — Ж.А. Ертаева, Р.Ө. Өмірбек, А.А. Жаксылыкова, А.Е. Адаева, Г.Ж. Кенбаева.



