Мақсаты мен міндеті
Колледж миссиясы — кәсіптік білім беру саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Әдістемелік тақырыбы
Кәсіптік білім беруде құзыретті маман даярлаудың инновациялық жолдары.
Мақсаты
- Сапалы білім беру мен тәрбиелеу арқылы заман талабына сай кәсіби құзыретті маман даярлау.
- Оқытушылардың кәсіби-әдістемелік шеберлігін шыңдау, біліктілігін арттыру, ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін жетілдіру, жаңашыл тәжірибелерді кеңінен пайдалану.
Міндеттері
- Кәсіптік білім беруде оқытудың мазмұны мен технологиясын жетілдіру.
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын қолдана отырып, оқу сапасын арттыру.
- Колледждің материалдық-техникалық базасын толықтырып, жаңарту.
- Озық оқу-әдістемелік тәжірибелерді зерттеу, жинақтау және тарату.
- Педагогтардың біліктілігін арттыру, аттестаттаудан өтетін педагогтарға әдістемелік көмек көрсету.
- Дуальды оқытудың тиімділігін арттыру, жаңа технологиялармен өтетін сабақтар санын көбейту.
- Оқытушылар мен студенттердің зерттеушілік жұмысын, конференциялар мен байқауларға қатысуын дамыту.
- Тәрбие жұмысында ұлттық құндылықтарды басшылыққа алу, құқықтық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
- Мамандықтар бойынша кәсіптік білім беру сапасын қадағалау және арттыру.
Негізгі мәліметтер
- Заңды атауы: «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі» ЖШС
- Құрылған күні: 28.08.2003
- Мемлекеттік лицензия: № 0048310, мерзімі шектелмеген
- Мекенжайы: 080000, Жамбыл облысы, Тараз қ., Абай даңғылы, 90
- Қабылдау бөлімі: 45-21-23
- Пошта: bilim_2030@mail.ru