Ар-намыс кодексі
Колледж студенті — еліміздің интеллектуалдық әлеуеті. Ол кәсіби, мәдени және адамгершілік жағынан жан-жақты дайын маман болуға ұмтылады.
Студенттің негізгі қағидалары
- Қазақстан Республикасының патриоты, мемлекеттік рәміздерді — Әнұранды, Туды және мемлекеттік тілді құрметтейді.
- Сұранысқа ие маман болуға талпынады, еліміздің мәдени, қоғамдық және экономикалық өміріне белсене қатысады.
- Колледждің беделін сақтайды және арттырады.
- Оқу тәртібін мүлтіксіз сақтайды: сабақтарға қатысады, барлық тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындайды.
- Жалпы адамгершілік және этикалық қағидаларды басшылыққа алады; ұлтаралық алауыздыққа, діни экстремизмге және сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді.
- Оқытушылар мен үлкендерге құрметпен қарайды, үш тілді меңгерудің маңызын түсінеді.
- Оқу үлгеріміне, тәртіпке, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға жауапты екенін мойындайды.
- Салауатты өмір салтын ұстанады; маскүнемдік, нашақорлық, бұзақылық сияқты көріністерге қарсы тұрады.
Студенттің этикалық кодексі
- Оқуға жауапкершілікпен қарау, сапалы білім мен кәсіби дағдыларды меңгеру.
- Рухани және мәдени мұраны құрметтеу, Отанды сүю, азаматтық борышты орындау.
- Мәдени және кәсіби деңгейін арттыру, колледж беделін сақтау.
- Оқытушылар мен қызметкерлерді, өзгелердің пікірін құрметтеу.
- Студенттік өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайлану, колледж іс-шараларына қатысу.
- Академиялық адалдықты сақтау: көшіруге, шпаргалка пайдалануға, құжаттарды қолдан жасауға, өтірік айтуға жол бермеу.
- Сабаққа кешікпей келу; аудиторияға басшылар мен оқытушылар кіргенде орнынан тұру.
- Сабақ пен емтихан кезінде ұялы телефонды өшіру.
- Колледж мүлкіне — жабдықтарға, компьютерлерге, жиһазға, кітап қорына ұқыпты қарау.
- Ақылы негізде оқитындар үшін — оқу ақысын уақытылы төлеу.
- Аудиторияларда, дәліздерде, кітапханада тазалық пен тәртіпті сақтау.