Ар-намыс кодексі

Колледж студенті — еліміздің интеллектуалдық әлеуеті. Ол кәсіби, мәдени және адамгершілік жағынан жан-жақты дайын маман болуға ұмтылады.

Студенттің негізгі қағидалары

  • Қазақстан Республикасының патриоты, мемлекеттік рәміздерді — Әнұранды, Туды және мемлекеттік тілді құрметтейді.
  • Сұранысқа ие маман болуға талпынады, еліміздің мәдени, қоғамдық және экономикалық өміріне белсене қатысады.
  • Колледждің беделін сақтайды және арттырады.
  • Оқу тәртібін мүлтіксіз сақтайды: сабақтарға қатысады, барлық тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындайды.
  • Жалпы адамгершілік және этикалық қағидаларды басшылыққа алады; ұлтаралық алауыздыққа, діни экстремизмге және сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді.
  • Оқытушылар мен үлкендерге құрметпен қарайды, үш тілді меңгерудің маңызын түсінеді.
  • Оқу үлгеріміне, тәртіпке, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға жауапты екенін мойындайды.
  • Салауатты өмір салтын ұстанады; маскүнемдік, нашақорлық, бұзақылық сияқты көріністерге қарсы тұрады.

Студенттің этикалық кодексі

  • Оқуға жауапкершілікпен қарау, сапалы білім мен кәсіби дағдыларды меңгеру.
  • Рухани және мәдени мұраны құрметтеу, Отанды сүю, азаматтық борышты орындау.
  • Мәдени және кәсіби деңгейін арттыру, колледж беделін сақтау.
  • Оқытушылар мен қызметкерлерді, өзгелердің пікірін құрметтеу.
  • Студенттік өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайлану, колледж іс-шараларына қатысу.
  • Академиялық адалдықты сақтау: көшіруге, шпаргалка пайдалануға, құжаттарды қолдан жасауға, өтірік айтуға жол бермеу.
  • Сабаққа кешікпей келу; аудиторияға басшылар мен оқытушылар кіргенде орнынан тұру.
  • Сабақ пен емтихан кезінде ұялы телефонды өшіру.
  • Колледж мүлкіне — жабдықтарға, компьютерлерге, жиһазға, кітап қорына ұқыпты қарау.
  • Ақылы негізде оқитындар үшін — оқу ақысын уақытылы төлеу.
  • Аудиторияларда, дәліздерде, кітапханада тазалық пен тәртіпті сақтау.