Мақсаты мен міндеті

Колледж миссиясы — кәсіптік білім беру саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

Әдістемелік тақырыбы

Кәсіптік білім беруде құзыретті маман даярлаудың инновациялық жолдары.

Мақсаты

  • Сапалы білім беру мен тәрбиелеу арқылы заман талабына сай кәсіби құзыретті маман даярлау.
  • Оқытушылардың кәсіби-әдістемелік шеберлігін шыңдау, біліктілігін арттыру, ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін жетілдіру, жаңашыл тәжірибелерді кеңінен пайдалану.

Міндеттері

  • Кәсіптік білім беруде оқытудың мазмұны мен технологиясын жетілдіру.
  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын қолдана отырып, оқу сапасын арттыру.
  • Колледждің материалдық-техникалық базасын толықтырып, жаңарту.
  • Озық оқу-әдістемелік тәжірибелерді зерттеу, жинақтау және тарату.
  • Педагогтардың біліктілігін арттыру, аттестаттаудан өтетін педагогтарға әдістемелік көмек көрсету.
  • Дуальды оқытудың тиімділігін арттыру, жаңа технологиялармен өтетін сабақтар санын көбейту.
  • Оқытушылар мен студенттердің зерттеушілік жұмысын, конференциялар мен байқауларға қатысуын дамыту.
  • Тәрбие жұмысында ұлттық құндылықтарды басшылыққа алу, құқықтық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
  • Мамандықтар бойынша кәсіптік білім беру сапасын қадағалау және арттыру.

Негізгі мәліметтер

  • Заңды атауы: «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі» ЖШС
  • Құрылған күні: 28.08.2003
  • Мемлекеттік лицензия: № 0048310, мерзімі шектелмеген
  • Мекенжайы: 080000, Жамбыл облысы, Тараз қ., Абай даңғылы, 90
  • Қабылдау бөлімі: 45-21-23
  • Пошта: bilim_2030@mail.ru