Жалпы ақпарат

Құрметті талапкер! Оқу орнын таңдау — өміріңдегі маңызды әрі жауапты қадам. Дұрыс таңдау табысқа жетуге көмектесетін білім мен дағдыны береді.
«Білім» колледжі — заманауи кабинеттер, тәжірибелі ұстаздар және дуальді оқыту арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын оқу орны.
Мамандықтар (лицензия бойынша, 2025)
- Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
- Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
- Банк және сақтандыру ісі
- Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі
- Құқықтану
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Сандық техника (түрлері бойынша)
Мамандықтар туралы толығырақ ›
Оқу шарттары
- Оқыту тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
- Оқу негізі: мемлекеттік грант және ақылы негізде.
- Қабылдау: 9 және 11 сынып түлектері.
Өтініш қабылдау мерзімдері
- Күндізгі оқу түрі — 20 маусымнан 20 тамызға дейін.
- Сырттай оқу түрі — 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.