Дуальдік оқыту
Дуальді оқыту — колледж бен кәсіпорынның бірлескен оқыту жүйесі: студент теорияны колледжде алып, кәсіби дағдыны нақты өндірісте, жұмыс орнында меңгереді.
Мақсаты
Жұмыс берушілермен серіктестікте еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, заманауи технологияларды меңгерген дайын мамандар даярлау.
Студентке не береді
- Нақты жұмыс дағдыларына тікелей жұмыс орнында төселу.
- Ұжымда жұмыс істеу білігі мен әлеуметтік құзыреттілік.
- Мамандықтың қыр-сырын өндірісте танып, кәсіби тұрғыдан бейімделу.
- Оқу кезінде-ақ болашақ жұмыс берушімен танысу мүмкіндігі.
Ерекшелігі
Маман даярлауға колледж ғана емес, жұмыс беруші де жауапты. Оқу процесі тұлғаға бағытталып, студенттің шығармашылық және іскерлік қасиеттерін, коммуникативтік дағдыларын, жұмысқа бейімділігін қалыптастырады.