Ішкі тәртіп ережелері

2026–2027 оқу жылына арналған.

Жалпы нұсқаулар

  • Колледждің ішкі тәртіп Ережесі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және колледж Жарғысына толық сәйкестендіріп жасалынды.
  • «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінің Ішкі тәртіп ережесінің мақсаты: тәртіпті нығайтумен қатар, оқу-білім үрдісінің демократиялығы мен ізгілендіруін қамтамасыз ету; оқу және тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру.
  • Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады.
  • Сабақ екі ауысымда жүреді. Сабақтың басталуы 1-ші ауысымда – сағат 8.00-де, 2-ші ауысымда – сағат 12.50-де.
  • Оқу үрдісі оқу кестесі негізінде іске асырылады, оқу сағатының ұзақтығы 90 минут.
  • Оқытушылар мен студенттер сабаққа дайындалу және оқу кабинетін сабаққа даярлау үшін 15 минут бұрын келеді.
  • Оқу ғимаратындағы жалпы тәртіпке кезекші әкімшілік, оқытушылар жауап береді, кабинет тазалығы топ жетекшісіне және топтағы кезекші студенттерге жүктеледі.
  • Колледжде болған уақытында әр студент өз киімі және жеке мүлкі үшін жауапкершілікті өзіне алады.

Студенттердің негізгі құқықтары

  • ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай білім алуға;
  • Келісім бойынша ақылы қосымша білім беру қызметтерін пайдалануға;
  • Өзінің адамдық қадір-қасиеттерін сақтауға, ар-ұждан мен ақпараттық еркіндікке, жеке көзқарастары мен ой-пікірлерін білдіруге;
  • Колледждің қызметіне қатысты маңызды мәселелерді талқылау мен шешуге, оның ішінде қоғамдық студенттік ұйымдар мен колледж әкімшілігі арқылы;
  • Ақпараттық қорлар, сонымен қатар, білім беру, медициналық, өзге де құрылымдардың қызметтерін ақысыз пайдалануға;
  • Барлық шығармашылық жобалардың түрлеріне, ғылыми-зерттеу жұмыстары, конференциялар, жиналыстар, байқаулар мен фестивальдарға қатыса алады. Жұмыстарын түрлі мерзімді баспаларға, сондай-ақ, колледждің де баспаларына жіберуге құқылы.

Студенттердің негізгі міндеттері

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында бекітілген міндеттерді орындауға;
  • Мамандығы бойынша теориялық және тәжірибелік білім мен білікті терең меңгеруге;
  • Оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлерін уақытылы орындауға;
  • Ішкі тәртіп Ережесін сақтауға, тәртіпті болуға;
  • Сабақтан себепсіз қалмауға және кешікпеуге (ҚР «Әкімшілік құқық бұзу туралы» кодексінің «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау» 127 бабына сәйкес, бір сабақты себепсіз босатқан білімгер жөнінде құқық қорғау қызметкерлеріне өтініш жолданатын болады).
  • Колледжге талап қойылған формада келуге (ер балалар ақ жейде, қара түсті классикалық үлгідегі шалбар, классикалық шаш үлгісі; қыздар: ақ кофта, тізеден төмен түсетін белдемше, классикалық модельді алмастыратын биік өкшелі емес аяқ киім, колледж формасына діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға тыйым салынады);
  • Сабақ барысын бұзуға, аудиторияға оқытушының рұқсатынсыз кіріп-шығуға;
  • Колледж мүлкін сақтауға, жабдықтар мен техникаларды нәтижелі пайдалануға;
  • Келісім шарт негізінде оқу ақысын уақытылы төлеуге (ақылы түрде оқитын топтар).

Топ старостасының қызметіне кіреді

  • Студенттің сабаққа келмегені және кешіккені жөнінде себептерін көрсетумен топ жетекшісіне, тәрбие бөліміне күнделікті мәлімдеме беру;
  • Сабақ кестесіне диспетчер енгізген өзгерістер туралы студенттерге хабарлау;
  • Топта кезек тәртібімен күнделікті кезекші студенттерді тағайындау.

Студенттерге тыйым салынады

  • Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз сабақ уақытында колледж аумағынан тыс жерге кетуіне;
  • Колледжде спирттік ішімдік ішуге, есірткі және уландыратын заттарды қолдануға, оларды таратуға, оқу корпусының кіре берісінде, әжетханада шылым шегуге (заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл), түкіруге, құқыққа қарсы әрекеттер жасауға;
  • Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз іс-шараларға (митингілер, шерулер, ереуілдер және т.б.) қатысуға;
  • Діни киімдер киюге;
  • Әдепсіз сөздерді айтуға;
  • Қатты дөрекі сөйлеуге, шулауға, музыка тыңдауға, сабақ барысында дәлізде жүруге;
  • Сабақ уақытында сыртқы киіммен және бас киіммен кіруге;
  • Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуға (ҚР Әкімшілік кодексінің 442-бабы);
  • Бағасы қымбат ұялы телефондарды, планшеттерді және басқа да бағалы заттарды колледжге алып келуіне.